Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 «Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларын бекіту туралы» және 2016 жылғы 29 маусымдағы № 382 «Тәуелсіз консультантты тарту қағидаларын бекіту туралы» қаулыларына өзгерістер енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы  № 920 «Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларын бекіту туралы» және 2016 жылғы 29 маусымдағы № 382 «Тәуелсіз консультантты тарту қағидаларын бекіту туралы» қаулыларына өзгерістер енгізіледі.

«Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 және «Тәуелсіз консультантты тарту қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 29 маусымдағы № 382 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына

ПРЕСС РЕЛИЗІ

«Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 және «Тәуелсіз консультантты тарту қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 29 маусымдағы № 382 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі- Жоба) халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз бағалауды және мәмілелерді сүйемелдеуді талап ететін ірі жекешелендіру объектілерін сату кезінде тәуелсіз консультантты тарту мақсатында «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 100-1-бабының 5-тармағына сәйкес және оны орындау үшін әзірленді.

Жобаның мақсаты теңгерімдік құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 500 000 еселенген мөлшерінен асатын стратегиялық инвесторға жекешелендіру объектісін сату жөніндегі мәмілені қолдап отыру үшін тәуелсіз консультанттарды тарту мүмкіндігі үшін құқық нормаларының коллизиясын жою болып табылады.

Жобаны қабылдау теңгерімдік құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 500 000 еселенген мөлшерінен асатын жекешелендіру объектісін сату жөніндегі мәмілені қолдап отыру үшін тәуелсіз консультанттарды тарту мүмкіндігі үшін құқық нормаларының коллизиясын жоюға мүмкіндік береді.

Жоба 2021 жылдың 20 желтоқсанда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (http://legalacts.egov.kz, ID 13829175) орналасқан.

Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі - 2022 жылдың 3 қантарға дейін.