НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, САУДА-САТТЫҚ!

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, САУДА-САТТЫҚ!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті республикалық меншік объектілерін сату бойынша сауда-саттықтарды өткізу туралы хабарлайды

 

Жекешелендіру объектілерін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына (бұдан әрі - Қағида) сәйкес жүзеге асырылады.

_____________________________________________________________

 

Аукцион 2021 жылғы 30 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10.00-ден бастап 17.00-ге дейін www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында (бұдан әрі - тізілім) өткізіледі.

Сауда-саттықтың бағаны көтеру әдiсiн қолдана отырып өткізілетін аукционға мына объекті қойылады:

Ұйымның атауы: «Сұлтан-элеватор-диірмен-макарон кешені» акционерлік қоғамы

Ұйымның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Труд өтпе жолы, 1 үй, пошта индексі 150007

Қызмет түрі: Астықты сақтау (астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеу); ұн өнімдерін, құрама жемді, нан-тоқаш және макарон өнімдерін өндіру және сату

Сатылатын акциялардың мемлекеттік пакетінің мөлшері, орналастырылған жай акциялардың жалпы санынан %: 13,99%, 541 457 дана жай акциялар

Бастапқы баға: 720 816 000 теңге

Кепілдік жарна: 87 510 000 теңге

Сауда-саттықтың бағаны көтеру әдiсiн қолдана отырып аукцион өткізудің тәртібі:

Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.

Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша басталады.

1) егер аукцион залында бастапқы баға расталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірі жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын осы Қағиданың 46-тармағына сәйкес белгіленген қадамға ұлғайту арқылы жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растаса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға ұлғайтылады;

1-1) егер аукцион залында бастапқы баға расталғаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын ұлғайту жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда бастапқы бағаны растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы сату объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады;

2) егер ағымдағы баға ұлғайғаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісінің ағымдағы құнын ұлғайту жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады;

3) егер бағаны көтеру аукционы аяқталатын сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растаған соңғы қатысушы жеңімпаз деп танылады және осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады.

 Жекешелендіру объектісі бойынша бағаны көтеру аукционы қатысушылардың бірі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі.

 Бір ғана қатысушы қатысқан бағаны көтеру аукционы, егер қатысушы бастапқы бағаны растаса, өтті деп танылады.

Аукционды бағаны көтеру әдісін қолдана отырып өткiзген кезде жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасы жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасына тең болады.

Егер аукцион залында бағаны көтеру аукционы басталғаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін бастапқы баға бойынша сатып алу ниетін растамайтын болса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша бағаны көтеру аукционы өткізілмеді деп танылады.

Әрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ пайдалана отырып, сауда-саттық өткiзiлген күнi тізілімнің веб-порталында қол қояды.

Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін белгілейтін құжат болып табылады. Сатып алу-сату шарты электрондық форматта тізілімнің веб-порталында жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦҚ пайдалана отырып сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде оған қол қояды. Бұл ретте сатушы сатып алушыға сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде қол қоюға сатып алу-сату шартының жобасын ұсынады.

Жеңімпаз сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына осы Қағиданың 49 және 50-тармақтарында көрсетілген мерзімдерде қол қоймаған жағдайда, сатушы тізілім веб-порталында қалыптастыратын аукцион нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және осы жекешелендіру объектісі күшін жойған сауда-саттық шарттарымен сауда-саттыққа қайтадан шығарылады.

Аукционға қатысушыларын тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап                          2021 жылғы 30 желтоқсанда сағат 08.00-де аяқталады.

Аукционға қатысу үшін мыналарды:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;

4) байланыс деректерін (почталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет.

Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталындағы деректерге тиісті өзгерістер енгізеді.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ қойылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

Аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстырып тексеру үшін мынадай құжаттардың:

1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың;

2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не анықтаманың;

заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың;

мемлекетке тиесілі акцияларды сату кезінде – қатысушының акцияларына иелік ететін акционерлік қоғамдар туралы ақпаратты қамтитын акционерлер тізілімінен (хабарламаның жариялану сәтінде) үзінді-көшірменің түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады.

Құжаттардың түпнұсқалары салыстырылып тексерілгеннен кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.

Кепілдік жарна мынадай деректемелерге енгізіледі: «Қазақстан Халық банкі» АҚ-да,                   ЖСК KZ946017111000000330, БСК HSBKKZKX,  төлем мақсатының  коды 171, бенефициар коды 16, төлем алушы: «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ, БСН 050540004455.

Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мәліметтердің тізілімнің дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізеді.

Қатысушының осы Қағиданың 28 және 29-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдау және қатысушыны аукционға, тендерге және жабық тендерге жіберуді жүзеге асырады. Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәлімет болмаған жағдайда, тізілім веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады.

Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

Осыған байланысты арнайы транзиттік шотқа кепілдік жарнаның уақтылы түсуі мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті өтінім бергенге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей кепілдік жарнаны төлеуді ұсынады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің орналасқан жері: Нұр-Сұлтан қаласы, Жеңіс даңғылы, 11, 905-каб.

Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан қарауға болады немесе 8 (7172)717189, 717191 телефондары арқылы алуға болады.