Атақты жазушы Жан Ақжановпен кездесу

Атақты жазушы Жан Ақжановпен кездесу

2021 жылғы 4 қарашада Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінде атақты жазушы, қоғам қайраткері, публицист және көркем әдебиетті дәріптеуші Жан Ақжановпен кездесу өтті.

Жан Ақжанов - «Степь и судьба», «Сладкий дождь», «Путь врача», «Аудит счастья» сияқты көптеген кітаптардың авторы.

Кездесуде Жан Ақжанов сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын дамыту мәселелерін қозғады. Әңгіме сыбайлас жемқорлық көріністерінің жолын кесу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолданудың тиімділігін арттыру туралы болды. Іс-шараға қатысушылар жазушының шығармашылығына қызығушылық танытып, сыбайлас жемқорлық туралы сұрақтар қойды.