«Өзге мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк мекемелерге бекiтiп беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 наурыздағы № 185 қаулысының күші жойылды деп танылады

«Өзге мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк мекемелерге бекiтiп беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы  1 наурыздағы № 185 қаулысының күші жойылды деп танылады

 «Өзге мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк мекемелерге бекiтiп беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы
1 наурыздағы № 185 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына (бұдан әрі – қаулы жобасы)

ПРЕСС-РЕЛИЗ

 

 

Қаулының жобасымен «Өзге мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк мекемелерге бекiтiп беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 наурыздағы № 185 қаулысының (бұдан әрі – Үкіметтің № 185 қаулысы) күшін жою көзделеді.

Үкіметтің № 185 қаулысы «Жекешелендiру туралы» 1995 жылғы
23 желтоқсандағы № 2721 Қазақстан Республикасының Заңы  
5-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес қабылданды.

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы
№ 413-IV Қазақстан Республикасының Заңымен жоғарыда көрсетілген заңның күші жойылды деп танылды.

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
27-бабының 2-тармағына сәйкес жоғары тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп танылған кезде оны іске асыру үшін қабылданған төмен тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тануға жатады.

Осыған байланысты Үкіметтің № 185 қаулысының күші жойылды деп тануға жатады.

Қаулының жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің
интернет-порталында (http://legalacts.egov.kz) 2021 жылғы 27 тамызда (ID 11073383)  орналастырылды.

Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2021 жылғы 13 қыркүйекке дейін.