«Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары оларға қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын, жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлік түрлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 404 қаулысына өзгерістер енгізіледі

«Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары оларға қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын, жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлік түрлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 404 қаулысына өзгерістер енгізіледі

  «Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары оларға қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын, жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлік түрлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 404 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗ

 

 

«Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары оларға қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын, жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлік түрлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 404 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – Жоба) нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингінің қорытындылары бойынша, Көліктегі заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі отырысының 2021 жылғы 15 наурыздағы № 1кс/21-19 хаттамасының ұсынымдарына сәйкес әзірленді.

 Жобаның мақсаты уәкілетті орган немесе аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) оған қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын мүліктің түрлерін толықтыру, түзету болып табылады.

Жобаны қабылдау уәкілетті орган немесе ЖАО оған қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын мүлік түрлерін оңтайлы бөлуді белгілеуге, этил спиртін, алкоголь өнімін, темекіні және темекі бұйымдарын мемлекет кірісіне айналдыру бөлігінде жекелеген сот актілерінің жедел орындалуын қамтамасыз етуге, осы мүлікті облыстың жекелеген елді мекендерінен облыс орталықтарына тасымалдауға арналған мемлекеттік бюджеттің шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
25-бабының 5-тармағына сәйкес келтіру мақсатында Жоба қаулының кіріспесінде заңнамалық актінің күнін алып тастауды көздейді.

Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (http://legalacts.egov.kz) (ID _____) 2021 жылғы _________ орналастырылды.

Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2021 жылғы ________дейін.