НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, САУДА-САТТЫҚ!

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, САУДА-САТТЫҚ!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті республикалық меншік объектілерін сату бойынша сауда-саттық өткізетіндігі туралы хабарлайды

 

Жекешелендіру объектілерін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына (бұдан әрі - Қағида) сәйкес жүзеге асырылады.

__________________________________________________________

 

Тендер 2021 жылдың 10 маусымында Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10.00 – де www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында (бұдан әрі - тізілім) өткізіледі.

Ұйымның атауы: «Қызылорда теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Ұйымның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Бегім ана көшесі, 15

Қызмет түрі: Кең бейінді ауруханалар мен және мамандандырылған ауруханалар қызметі

Сатылатын қатысу үлесінің мөлшері, жарғылық капиталдан %: 100%

Бастапқы бағасы: 771 414 000 теңге

Кепілдік жарна: 87 510 000 теңге

Тендер шарты: Қызмет бейінін 5 (бес) жыл бойы сақтау

Қатысушыларға қойылатын қосымша талаптар: «Қызылорда теміржол ауруханасы» ЖШС-дағы мемлекеттік қатысу үлесіне меншік құқығы сатып алушыға ауысқанға дейінгі кезең үшін мемлекет қатысатын ұйымдар үшін (жылдық қаржылық есептілік бекітілгеннен кейін) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен белгіленгеннен кем емес мөлшерде таза табыстың бір бөлігін төлеуге келісу.

Тендерді өткізу тәртібі.

Жекешелендіру объектісі бойынша тендер басталған кезде тіркелген қатысушылар болмаған жағдайда, тендер өтпеді деп танылады. Бір ғана қатысушы қатысқан тендер, егер қатысушы бастапқы бағадан кем емес құнды ұсынса, өтті деп танылады.

Егер тендер өтпеген деп жарияланса, сатушы тендердің өткізілмегені туралы актіге қол қояды.

Тендерге қатысуға өтінімдерді ашу сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақыт келгенде тізілімнің веб-порталы арқылы автоматты түрде жүргізіледі.

Жекешелендiру объектiсi үшiн ең жоғары бағаны ұсынған қатысушы тендердiң жеңiмпазы деп танылады. Егер тендерде екi және одан көп қатысушының ұсынысы бірдей ең жоғары бағаны қамтитын болса онда осы қатысушылардың арасында қатысушылардың басқа өтінімдерінен өтінімі бұрын қабылданған қатысушы тендердің жеңімпазы болып танылады.

Тендердің жеңімпазы сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамаға қол қою үшін электрондық почта арқылы сауда-саттық нәтижелері туралы хабардар етіледі. 

Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама тізілімнің веб-порталында қалыптастырылады, оған сауда-саттық өткізілетін күні сатушы мен тендердің жеңімпазы ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды.

Сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттама тендердің нәтижелерi мен жеңiмпаздың және сатушының тендер нәтижесi болып табылатын шарттармен жекешелендiру объектiсiн сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін тiркейтiн құжат болып табылады Сатып алу-сату шарты электрондық форматта тізілімнің веб-порталында жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦҚ пайдалана отырып сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде оған қол қояды. Бұл ретте сатушы сатып алушыға сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде қол қоюға сатып алу-сату шартының жобасын ұсынады.

Егер жеңімпаз сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамаға не сатып алу-сату шартына көрсетілген мерзімдерде қол қоймаған жағдайда, сатушы ЭЦҚ пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталында сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және осы жекешелендіру объектісі сауда-саттыққа қайтадан шығарылады.

Тендер қатысушыларын тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және 2021 жылдың 10 маусымында сағат 08.00-де аяқталады.

Тендерге қатысу үшін мыналарды:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;

4) байланыс деректерін (почталық мекенжайы, телефон, факс, е-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет.

Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталындағы деректерге тиісті өзгерістер енгізеді.

Тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған нысан бойынша сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

Тендерге қатысушылар сауда-саттық шартымен келісуді қамтитын өтінімді және сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын қосымша талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қоса бере отырып, тізілімнің арнайы бөлінген веб-парақшасында электрондық конвертке жүктелетін баға ұсынысын тіркейді (соның ішінде «Қызылорда теміржол ауруханасы» ЖШС-дағы мемлекеттік қатысу үлесіне меншік құқығы сатып алушыға ауысқанға дейінгі кезең үшін мемлекет қатысатын ұйымдар үшін (жылдық қаржылық есептілік бекітілгеннен кейін) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен белгіленгеннен кем емес мөлшерде таза табыстың бір бөлігін төлеуге келісу туралы белгіленген үлгідегі кепілхаттың сканерленген көшірмесі (қоса беріледі).

Тендердің жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстырып тексеру үшін мынадай құжаттардың:

1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың;

2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не анықтаманың;

заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады.

Тендердің жеңімпазы сатушыға сатып алу-сату шартына қол қойған кезде өтінімге тіркелген құжаттардың тұпнұсқаларын не нотариатта куәландырылған көшiрмелерін ұсынады.

Құжаттардың түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін, бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.

Кепілдік жарна мынадай деректемелерге енгізіледі: «Қазақстан Халық банкі» АҚ-дағы                      ЖСК KZ946017111000000330, БСК HSBKKZKX,  ТМК 171, КБЕ 16, төлем алушы: «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ, БСН 050540004455.

Тендерге қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілдік жарнаның түсуі туралы мәліметтердің тізілімнің дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізеді.

Қатысушының Қағиданың 28 және 29-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның сауда-саттықтар басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Тізілімнің дерекқорында арнайы транзиттік шотқа кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдауды және қатысушыны тендерге жіберуді жүзеге асырады. Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәлімет болмаған жағдайда, тізілім веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады.

Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдауды не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

Осыған байланысты, арнайы транзиттік шотқа кепілдік жарнаның уақтылы түсуі мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті өтінім бергенге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей кепілдік жарнаны төлеуді ұсынымын жасайды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетініңорналасқан жері:Нұр-Сұлтан қаласы, Жеңіс даңғылы, 11, 905-каб.

Тендер өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан қарауға болады немесе 8 (7172)717198, 717189 телефондары арқылы алуға болады.

 

 

 

Бланк (болған жағдайда)

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті

 

Кепіл хат

 

Осы хатпен ___________ (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә.) ___________атынан Жарғы (Заңды тұлғаныңсәйкес органының хаттамалық шешімі) негізінде әрекет ететін_________ (лауазымды тұлға) сауда-саттықта жеңген жағдайда _________ (объектінің атауы) меншік құқығының _________ (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә.) өткен күніне дейін «Қызылорда теміржол ауруханасы» ЖШС-дағы мемлекеттік қатысу үлесіне меншік құқығы сатып алушыға ауысқанға дейінгі кезең үшін мемлекет қатысатын ұйымдар үшін (жылдық қаржылық есептілік бекітілгеннен кейін) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен белгіленгеннен кем емес мөлшерде таза табыстың бір бөлігін төлеуге кепілдік беремін.

 

__________  күні

_________________  (Т.А.Ә.)

(қолтаңбалары) М.О