Поздравление Председателя с Днем независимости Казахстана

Поздравление Председателя с Днем независимости Казахстана

Құрметті әріптестер!

Қадірлі достар!

 

Сіздерді Қазақстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

 

Қазақстан Республикасы жас тәуелсіз мемлекет болып табылады. Алайда, бүгінгі таңда Қазақстан халықаралық аренада танымал болып, әлемдік экономикалық жүйелер арасында лайықты орын алды деп сеніммен айтуға болады.

Тәуелсіздік-бұл бостандық, бұл күш, бұл әл-ауқат, бұл руханият. Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, бақыт пен амандық, жұмыста табыс, шығармашылық өрлеу және батыл жобаларды іске асыру, Қазақстан Республикасының игілігі үшін табысты қызмет тілеймін!