Төрағаның Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтауы

Төрағаның Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтауы

Құрметті әріптестер мен қазақстандықтар!

 

Сіздерді мемлекеттік мереке-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Дәл осы күні - 1991 жылыдың 1 желтоқсан күні Нұрсұлтан Назарбаев ел тарихындағы алғашқы бүкілхалықтық сайлауда Қазақстан Президенті болып сайланғанына байланысты мерекелік күн ретінде таңдалды. Елбасы заманауи мемлекет құрды, әлем картасында Қазақстанның шекарасын белгіледі.

Тұңғыш Президент күні - Қазақстан Республикасы жас, қуатты, әлеуеті зор мемлекет- мемлекеттілігінің дамуы мен қалыптасуының жаңа кезеңін ашатын мереке. Сондықтан Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні өркендеу мен прогресс жолында Ұлт Көшбасшысының Халықпен бірлігін білдіреді.

Осы салтанатты күні баршаңызға зор денсаулық, бейбітшілік пен жақсылық тілеймін. Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы әрдайым гүлдене берсін.