Құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың теңгеріміне тәркіленген мүлікті беру алгоритмі

Құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың теңгеріміне тәркіленген мүлікті беру алгоритмі

Құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың теңгеріміне тәркіленген мүлікті беру алгоритмі (бұдан әрі - ҚАМО)

ММЖД немесе ЖОО мемлекеттік мүлік тізілімінің (бұдан әрі - веб-порталында) ҚАМО теңгеріміне беруге ұсынылатын тәркіленген мүлік туралы хабарламаны өтінімдерді ашу күніне дейін кемінде 15 күнтізбелік күн бұрын жариялайды.

ҚАМО аталған мүлікке қажеттілік болған жағдайды веб-портал арқылы мүліктің атауын, қажетті санын, оны берудің қажеттілігін негіздемесін көрсете отырып өтінім береді және тиісті саладағы уәкілетті орган қорытындысының электрондық (сканерленген) көшірмесін қоса тіркейді, онда мүлікті берудің экономикалық орындылығының мынадай өлшемшарттарғы көрсетіледі;

- мүлікке белгіленген табиғи нормалар шегіндегі қажеттілік;

- мүлікті нысаналы пайдалану және өндірістік қажеттіліктің болуы;

- мүлікті күтіп-ұстау мен пайдалануды қаржылық қамтамасыз ету.

Өтініштерді қабылдау аяқталатын күн мен уақыт басталғаннан кейін веб-портал арқылы олар автоматты түрде ашылады.

Өтініштер және оларға қоса берілген құжаттар ММЖД немесе ЖОО комиссиясымен олардың жоғарыда көрсетілген өлшемшарттарға сәйкестігі тұрғысынан қаралады және олар бойынша ММЖД немесе ЖАО комиссиясы хаттамамен рәсімделетін шешім қабылдайды.

Бірнеше өтініш болған жағдайда жоғарыда көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келген және өтінішті бірінші болып берген ҚАМО -ға басымдық беріледі. Егер оның қажеттілігі қанағаттандырылғаннан кейін мүліктің артығы қалса, онда ол келесі өтініш берушілерге ұсынылады.

Комиссияның оң шешімі болған жағдайда 15 жұмыс күні ішінде ММЖК/ММЖД немесе ЖОО ҚАМО теңгеріміне мүлікті бекіту/беру туралы шешім қабылдайды, содан кейін 10 күнтізбелік күн ішінде ол            қабылдау-беру актісі бойынша беріледі.