
Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Комитеттің басшылығы мен ұжымы Ұлы Отан соғысының тыл ардагерлеріне құрмет көрсетіп, алғыс білдірді.
Тыл еңбеккерлеріне қажырлы еңбегі, табандылығы және Ұлы Жеңіске қосқан өлшеусіз үлесі үшін естелік сыйлықтар мен азық-түлік себеттері табысталды.
Соғыс жылдарында тыл еңбеккерлерінің тынымсыз еңбегінің арқасында майданға қолдау көрсетіліп, кәсіпорындардың үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілді және жарқын болашаққа деген сенім нығая түсті. Олардың ерлігі мен Отанға деген адалдығы әрдайым патриотизм мен рух күшінің үлгісі болып қала береді.
Жеңіс буынының жанқиярлық ерлігін ұмытпай, ардагерлерге құрмет пен қамқорлық көрсету — баршамыздың ортақ парызымыз әрі өткенге деген тағзымның белгісі.
Тыл ардагерлеріне зор денсаулық, амандық, ұзақ ғұмыр, отбасы бақыты мен бейбіт өмір тілейміз. Жеңіс буынының ерлігі ел жадында мәңгі сақталып, келер ұрпаққа өнеге болсын.