Атырау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Департаменті басшысының орынбасарының сұхбаты

Атырау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Департаменті басшысының орынбасарының сұхбаты

Атырау телеарнасында «Мәртебелі міндет» бағдарламасында «Болашақ» түлектерімен подкаст түріндегі сұхбат өткізілді, онда шетел білімінің мемлекеттік қызмет сапасын арттырудағы рөлі мен кәсіби жауапкершілік мәселесі қозғалды.

Осы подкастқа қатысқан Атырау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының орынбасары, Лидс университетінің (Ұлыбритания) мемлекеттік басқару магистрі Толқын Адилбекова мемлекеттік мүлік саласында халықаралық тәжірибе не үшін маңызды екендігін, Мемлекеттік мүлік туралы заң аясында жұмыс жүргізіліп отырған мемлекеттік тізілім жайлы, сонымен қатар, бүгінгі жастарға мемлекеттік қызметті таңдау үшін негізгі уәждерді айтып кетті.

Бұдан басқа подкастқа қатысқан «Болашақ» түлектері - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Айнұр Еңсегенова мемлекеттік қызметтің сапалық құрамы, кадр әлеуетін дамыту бағытындағы жұмыстарға тоқталса, Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының бас маманы Ринат Бекмұханбет шетелдік басқару тәсілдерімен біздің жүйенің айырмашылықтарын атап өтті.ой.