
«ҚР ҚМ ММЖК Қостанай мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының 2024 жылғы 11 сәуірдегі №Л-69 бұйрығына сәйкес Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесі, 151а мекенжайы бойынша (мәжіліс залы) 2026 жылдың 16 қаңтарда сағат 15.00-де қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың қоғамдық талқылауын өткізуді жоспарлауда.