Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы тағайындалды

Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы тағайындалды

Мерократия қағидатына сәйкес Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы болып Абиев Медет Маденович тағайындалды.

         Білімі – жоғары. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Қазақ-орыс халықаралық университетін бітірген.

         Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің жүйесінде 21 жыл еңбек етуде. Еңбек жолында жетекші маманнан бастап басшының орынбасарына дейін жұмыс істеді.

         Соңғы 6 жылда Ақтөбе мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.