Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама мен Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша тренинг

Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама мен Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша тренинг

Ақмола мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде этика жөніндегі уәкілдің үлгілік жұмыс жоспарын іске асыру аясында Департамент басшысының жетекшілігімен мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама мен Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша мамандармен тренинг өткізілді.

Мемлекеттік қызметшілерге кеңес беру көмегі көрсетілді.

Сонымен қатар, этика жөніндегі уәкіл іскерлік этикет пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын-сауық (құмар) орындарын барудан бас тарту, діни нанымдарын өзгелерге таңбау және бағыныстыларды діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлеуге жол берілмейтіні жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.