«Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
«Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы
27 мамырдағы № 659 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – Жоба) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес әзірленген.
Жоба «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарамағына беруді қамтамасыз етуді көздейді.
Жобаны қабылдау және оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.