2025 жылғы 1 қазанда Атырау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Еркебаев Нұрлан Таныберліұлымен кездесу өтті.
Кездесуге Департамент қызметкерлері, Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың Атырау облысы бойынша өкілдігінің басшысы Абдолов Амангелді Аманиязұлы, ҚР Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Есенов Еролан Нұрланұлы, ҚР Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аймақтық департаментінің басшысы Алтынбаев Смаил Айдос, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің су ресурстарын пайдалану, реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында Мемлекеттік қызмет саласындағы соңғы заңнамалық өзгерістер мен реформалар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері талқыланды.
Сонымен қатар, қатысушыларға мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру, кәсіби этиканы ұстану және қоғам алдындағы жауапкершілікті күшейту бағытында нақты түсіндірмелер берілді. Кездесуге соңында
Департамент басшысы Е.Жаңабаев мазмұнды кездесу өткізіп, құнды ақпараттармен бөліскені үшін Нұрлан Таныберліұлына алғыс білдірілді.