1 қазан-Қарттар күні!

1 қазан-Қарттар күні!

1991 жылдан бастап жыл сайын 1 қазанда Халықаралық қарттар күні атап өтіледі.

Бұл мереке БҰҰ Бас Ассамблеясының 45-ші сессиясында Халықаралық қарттар күні деп жарияланды. Болашақта БҰҰ құжаттарында «Халықаралық қарттар күні» атауы қабылданды.

Қарттар күні – бұл күнтізбеде жай ғана күн емес, жылдар бойы даналық пен төзімділіктің, адал қызметтің үлгісі болған азаматтарға құрмет пен ризашылық білдіру күні болып табылады. 

Қарттар мен мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің қызметкерлері қарттар қауымдастығының өкілдеріне барып, қолдау көрсетіп, ізгі ниеттерін білдірді.

 Кездесу барысында көп жылғы адал еңбегі, мол өмірлік тәжірибесі және қоғам дамуына қосқан елеулі үлесі үшін шынайы алғыс білдірілді.