2025 жылғы 29–30 қыркүйек аралығында Атырау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің қызметкерлері, «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-ның Атырау облысы бойынша филиалының және Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының мамандарының қатысуымен техникалық оқу ұйымдастырылды.
Оқу барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 4 тамыздағы №75 бұйрығына («Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидалары») сәйкес, www.e-qazyna.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында орналасқан «Tapsyru» сервисі арқылы мемлекеттік заңды тұлғалар арасында мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру тәртібі түсіндірілді.
Сонымен қатар, бағдарламалық қамтамасыз етудің жұмыс істеуіне қатысты тестілеу жүргізіліп, «Ақпараттық-есептеу орталығы» мамандары тарапынан практикалық көрсетілім жасалды.