«Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 810 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗ
«Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 810 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – Жоба) экономиканың стратегиялық маңызы бар салалары объектілерiнiң тiзбесiн өзектендіру мақсатында Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерiнiң тiзбесiне (бұдан әрі – Тізбе) өзгеріс енгізу көзделеді.
Жоба Тізбені «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы» 2003 жылғы 4 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді, оған сәйкес уәкілетті орган мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдардың ұсынымдары бойынша Тізбені өзгерту және (немесе) толықтыру жөнінде үш жылда кемінде бір рет Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізеді.
Жобаны қабылдау мақсаты экономиканың стратегиялық маңызы бар салалары объектілерiнiң тiзбесiн өзектендіру болып табылады.
Жобаны іске асыру мемлекеттің:
1) экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы кәсіпорындардың қаржы-экономикалық, экологиялық жай-күйі, техникалық жарақтандырылу деңгейі және негізгі қорлардың тозу дәрежесі туралы дұрыс ақпаратқа ие болуына;
2) келеңсіз процестер салдарының алдын алу және оны жою жөніндегі шараларды қабылдауына;
3) экономикалық және қаржылық тетіктерді қолдана отырып, қалыптасқан жағдайға мемлекеттік экономикалық саясатты бейімдеуіне мүмкіндік береді.
Жоба қабылданған жағдайда, заңнаманы оған сәйкес келтіру талап етілмейді.
Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (http://legalacts.egov.kz) (ID 15590929) 2025 жылғы 5 қыркүйекте орналастырылды.
Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2025 жылғы 22 қыркүйекке дейін.