Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарының жүзеге асырылу барысы туралы

Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарының жүзеге асырылу барысы туралы

2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Жекешелендірудің кешенді жоспарының 864 объектісінен 536 объекті сатуға шығарылып, олардың 501-і сатылды. Сату бағасы 613,5 млрд. теңгені құрады.

Анықтама ретінде: Сатылған 501 объектінің:

  • сату бағасы 62,21 млрд. теңгені құрайтын республикалық меншіктің 52 объектісі;
  • сату бағасы 63,84 млрд. теңгені құрайтын коммуналдық меншіктің
    251 объектісі;
  • сату бағасы 480,14 млрд. теңгені құрайтын ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың 102 объектісі;
  • сату бағасы 7,31 млрд. теңгені құрайтын әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың 96 объектісі.

 

Бұдан бөлек, 299 объекті қайта ұйымдастырылуда және таратылуда, олардың 225-і қайта ұйымдастырылған және таратылған.

29 объекті сату алдындағы дайындықта, олардың ішінен
13 объекті бойынша сату мерзімдері 2021-2024 жылдарға ауыстырылды (Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 6 және 10 маусымдағы шешімдері).

Жекешелендірудің кешенді жоспарының орындалуы сатылған және қайта ұйымдастыру мен таратуға жіберілген объектілерді қоса алғанда 92,6%-ды, ал сауда-саттықтағы объектілерді есептегенде 96,6%-ды құрайды.