Шымкент қаласының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы тағайындалды

Шымкент қаласының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы тағайындалды

Меритократия қағидаты бойынша Шымкент қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы болып Ғалым Маханбетұлы Қасымбеков тағайындалды. Жалпы еңбек өтілі - 21 жыл. Білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің жүйесінде 10 жыл жұмыс істейді. Еңбек жолын бас маманнан басшының орынбасарына дейінгі өтті.

Соңғы 5 жыл 6 айда Шымкент қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысы орынбасарының қызметін атқарған.