Қарағанды облысының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы тағайындалды

Қарағанды облысының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы тағайындалды

Меритократия қағидаты бойынша Қарағанды облысының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы болып Ардақ Төлеуханұлы Досмақов тағайындалды. Жалпы еңбек өтілі-24 жыл. Білімі жоғары. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің жүйесінде 18,7 жыл жұмыс істейді. Еңбек жолын бас маманнан басшының орынбасарына дейін өтті.

Соңғы 5 жыл 5 айда Қарағанды мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысы орынбасарының қызметін атқарған.