Мемлекеттік меншікті жалға беру мемлекеттік мүлік Тізілімінің Веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады.

Мемлекеттік меншікті жалға беру мемлекеттік мүлік Тізілімінің Веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік органға тиесілі жылжымайтын мүлік объектілері бойынша шағын және орта бизнес үшін жалдау ақысын есептеуді 1 қыркүйектен бастап ағымдағы жылдың соңына дейін тоқтата тұру қажет.

Мемлекеттік меншікті жалға беру мемлекеттік мүлік Тізілімінің Веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады.

Осыған байланысты, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті портал операторы болып табылатын «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-ға жалгерлердің жыл соңына дейін жалдау төлемдерін есептеуді тоқтата тұруға өтінімдер беру мүмкіндігі бөлігінде порталды пысықтау бойынша жұмыстар жүргізу туралы хат жіберді, сондай-ақ тиісті жұмыстарды жүргізу үшін Аумақтық бөлімшелер мен жергілікті атқарушы органдарға хат жолдады.

Осыған байланысты, порталда 2020 жылғы 7 қыркүйектен бастап жалдаушының ЭЦҚ-мен жалдау төлемдерін тоқтата тұруға 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап соңына дейін өтінішті қашықтықтан беруі және жалға беруші мен жалдаушы арасында ЭЦҚ арқылы жалдау шарттарына қосымша келісімдер жасасу үшін функционал пайдалануға беріледі.

Өтінімдерді өңдеуді Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық бөлімшелерінің және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмыс уақытында олардың түсуіне қарай бір сағат ішінде жүзеге асырады.