Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының құттықтауы

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының құттықтауы

Құрметті әріптестер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – ел игілігі үшін аянбай еңбек етіп жүрген, адал қызметті өмірінің мәніне айналдырған сіздердей азаматтарға көрсетілген зор құрметтің белгісі.

Сіздердің әрбір істеріңізден кәсібилік пен елге деген жанашырлық сезіледі. Табандылық пен төзім, білім мен білік, адалдық пен парасат – дәл осындай қасиеттер арқылы мемлекетіміз нығайып, халқымыздың сенімі арта береді.

Сіздерге және отбасыларыңызға мықты денсаулық, амандық, баянды бақыт тілеймін!

Еңбектеріңіз жемісті, мерейлеріңіз үстем болсын. Ел мүддесі жолында бірге биіктерді бағындыра берейік!