Бүгін Ақмола мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде сауда қызметінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау тақырыбында семинар өтті.
Семинарды Ақмола облысының Сауда департаменті басшысының орынбасары-Самат Мұратұлы Сайдалин өткізді.
Іс-шара аясында сатушылардың міндеттерін, шағымдарды қарау тәртібі мен сауда ерекшеліктерін қоса алғанда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.
Қатысушылар азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттырудың маңыздылығын, сондай-ақ сауда саласындағы заңнама талаптарын сақтау қажеттігін атап өтті.