Бүгін Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің орталық аппаратында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесуде мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары таныстырылды.
ҰЭМ департаментінің директоры Жадыра Темірбаева заң шығару саласында атқарылған жұмыстар туралы айтып берді.
Комитеттің қызметкерлері мемлекеттік мүлік туралы заңнамаға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстарын жеткізді.
Корпоративтік басқару, АҚ, ЖШС және МК тиімді басқару, сенімгерлік басқару мәселелерін бірлесіп талқылады.
Комитеттің қызметкерлері осы бағыттағы білікті мамандармен тәжірибе алмасу, мемлекеттік органдардың қызметіне әлемдік тәжірибені енгізу және тағы басқа, коммерциялық емес акционерлік қоғамдардың дивидендтік саясатын, АҚ, ЖШС және МК табыстылығын (залалдылығын) қайта қарау жөнінде тілектерін білдірді.
Тараптар бірқатар жүйелі мәселелер бойынша тұрақты кездесулер өткізуге келісті.