«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Директорлар кеңесінің отырысы

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Директорлар кеңесінің отырысы

ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары Н. Әділбеков «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) Директорлар кеңесінің отырысына қатысты.

Директорлар кеңесі отырысының қорытындысы бойынша 2025 жылға арналған  Мемлекеттік корпорация төрағасы мен басқарма мүшелері үшін қызметтің негізгі көрсеткіштерінің карталары, жылдық қаржылық есептілік және кейіннен Жалғыз акционерге бекітуге шығара отырып, 2024 жылға арналған Мемлекеттік корпорацияның таза кірісін бөлу тәртібі жөніндегі ұсыныстарды бекіту туралы шешімдер қабылданды.

Сондай-ақ, 2025 жылға арналған Мемлекеттік корпорацияның жылдық есептілігіне аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйымның қызметтеріне ақы төлеу мөлшерін айқындау туралы шешім қабылданды. Мемлекеттік корпорацияның комплаенс бақылау қызметінде жаңа қызметкерлер тағайындалды және жұмыс істеп жүрген қызметкерлердің өкілеттіктері ұзартылды.

Бұдан басқа 2025 жылғы 1 тоқсандағы жұмыс қорытындысы бойынша  Мемлекеттік корпорация комплаенс бақылау қызметінің, Мемлекеттік корпорация ішкі аудит қызметінің есебі және Мемлекеттік корпорация Директорлар кеңесінің шешімдерін орындау мәртебесі қаралды.