Стратегия, персоналды басқару және жұмылдыру жұмыстары департаментінің директоры К.К. Орынханов Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Ерғали Егембердімен бірлесіп мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмысындағы ағымдағы ахуал бойынша жедел кеңес өткізді.
Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің басшыларына нақты ұсынымдар берілді.
Сонымен қатар, қызметтің негізгі бағыттары, цифрландыру, жұртшылықпен өзара іс-қимыл, еңбек және орындаушылық тәртіп нормаларын сақтау мәселелері талқыланды.