Егемберді Ерғали Қуандықұлы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Егемберді Ерғали Қуандықұлы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және Бостон университетін (АҚШ) тәмамдаған. Саяси ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1998 жылы Қаржы министрлігінің жүйесінде Астана қаласы Қаржы департаментінің бас маманы болып бастаған. Астана қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, астананың «Сарыарқа» ауданының әкімі, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет атқарған.

Соңғы екі жыл Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Аппарат басшысы қызметін атқарған.