

Жоғары оқу орындарының үздік түлектерін Қаржы министрлігінің органдарына жұмысқа орналастыру тетігін пысықтау бойынша ішкі пилотты іске асыру шеңберінде Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті Батыс Қазақстан ішкі мемлекеттік аудит департаментімен бірлесіп, 2026 жылдың 26 мамырында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенттерімен онлайн форматта ZOOM арқылы кәсіптік бағдар беру кездесуін өткізді.
Кездесу барысында Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы М.Абиев қатысушыларға Департамент қызметін таныстырды.
Сонымен бірге мансаптық өсу, мемлекеттік қызметке кіру тәртібі, тағылымдамалар және бейімдеу туралы ақпарат берілді.
Қатысушы түлектер сұрақтар қойып, қойылған сұрақтарға толық жауап алды.