

2026 жылғы 9 сәуірде Атырау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті мемлекеттік мекемелердің үй-жайларында қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында Атырау облысы бойынша мемлекеттік қазынашылық департаментінің мемлекеттік қызметшілеріне теориялық лекция түріндегі іс шараны өткізді.
Іс шараны ашқан Департамент басшысының орынбасары Т.Әділбекова үй-жайлардың жабдықталуына тоқталып өткеннен кейін, Атырау облысының МКҚБ ПжТҚҰтЕТж аға инспекторы полиция майоры Е.А.Сұңғатовқа сөз берді. Спикер «Мемлекеттік органдардың үй-жайларында және оларға іргелес аумақтарда дағдарыс жағдайлары кезінде алдын алу мен ден қоюдың алгоритмі» жайында баяндама жасады. Одан әрі семинарға қатысқан мемлекеттік қызметшілерге осы тақырыпта бейнеүзік көрсетілді.