Logo of the Committee of State Property and Privatization of the Ministry of finance of the Republic of Kazakhstan
Меню
Страницы

«Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасы«Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылған

«Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасы«Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылған

Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау, электр энергетикасы және мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
2025 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң) іске асыру үшін әзірленді.

Қаулы жобасы Заңға сәйкес келтіру мақсатында Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді. Атап айтқанда, тікелей атаулы сату және кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға (мүліктік жалға беру) беру жөніндегі нормалар алынып тасталады; өткізілетін сауда-саттықтардың саны тендердегі бастапқы бағаны және аукциондағы ең төменгі бағаны кепілдік жарна мөлшерінен төмен емес сомаға дейін дәйекті төмендете отырып, үштен беске дейін ұлғайтылады; аффилиирленген тұлғалардың сауда-саттығына қатысуға тыйым салу және жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын қандай құн ең жоғары болатынына байланысты теңгерімдік не бағалау құны мөлшерінде айқындау тәсілі.

Қаулы жобасын іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.

Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (http://legalacts.egov.kz) (ID 15554131) 2025 жылғы 11 шілдеде орналастырылды.

Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2025 жылғы 25 шілдеге дейін.

 

Осыған байланысты аталған жобаны талқылауға қатысу үшін шақырады.

Жоба мына сілтеме бойынша қол жетімді: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15554131

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты