ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның ішінде:
1) «Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)»;
2) «Мемлекеттік мүлік тізілімінен мемлекеттік мүлікті жалға алушыға онымен жасалған жалдау шарты бойынша шарттың талаптары, осындай шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен бюджетке аударылған төлемдер бойынша мәліметтермен бірге ақпарат беру».
2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша электрондық түрде
19516 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)– 8453.
Комитеттің есептік кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету кезеңінің (уақытының) бұзылуы болған жоқ.
Комитетке қызмет көрсеткеніне заңды және жеке тұлғалардан шағым түскен жоқ.