Коммуналдық мүлікті тиімді пайдалану мақсатында Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы "Көкшетау Су Арнасы" және "Көкшетау Жылу" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары пайдаланылмайтын техниканы жекешелендіру үшін жергілікті атқарушы органға ұсыныстар жолдады, оларды жөндеу мүмкін емес және экономикалық тұрғыдан орынды емес. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларына сәйкес жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша аукционда 13 бірлік техниканы өткізуден бюджетке түсетін табыс 6 220,2 мың теңгені құрады.
"Көкшетау қаласы әкімдігінің Іс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі рентабельді емес аумақтық орналасуына байланысты аукционда пайдаланылмайтын авариялық әкімшілік ғимарат пен гараждарды жекешелендіру үшін Көкшетау қаласы, Шаңырақ көшесі, 5-үй мекенжайы бойынша ұсынды. Жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша аукционда өткізуден бюджетке түсетін табыс 22 677,9 мың теңгені құрады.