«Көкшетау қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ сот актілері негізінде мемлекет кірісіне коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.
Ағымдағы жылдың маусым айында бөлім сот орындаушыларынан берілген тәркіленген алкоголь өнімін қабылдау және кәдеге жарату жұмыстарын ұйымдастырды. Жою процесі заңнамада белгіленген тәртіппен комиссия арқылы, Көкшетау қаласы әкімінің орынбасарының төрағалығымен, қала әкімі аппараты мен мемлекеттік кірістер басқармасы өкілдерінің қатысуымен жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында кәдеге жаратудың барлық процесі бейнетүсірілімге тіркелді.
Өнімді алып қоюды мемлекеттік кірістер басқармасы заңсыз кәсіпкерлік қызметтің жолын кесу жөніндегі іс-шараларды жүргізу барысында жүзеге асырды. Алкоголь өнімі тәркіленген кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызметті лицензиясыз жүзеге асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
1484 литр алкоголь өнімі жойылды. Кейіннен термиялық жою арқылы металл бөшкелерге құю жолымен, жұмыстарды мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы «Промутилизация» ЖШС қызметтерін жеткізуші белгіленген тәртіпке сәйкес орындады.