Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы www.e-qazyna.kz — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік тізіліміне бірыңғай қол жеткізуді қамтамасыз ететін ресми интернет-ресурс.
Мемлекеттік мүлік тізілімі – бұл арнайы мемлекеттік органдардың, Қарулы Күштердің, өзге де әскерлер мен әскери құрылымдардың, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервтің жедел басқаруындағы мүліктерінен басқа мемлекеттік мүлікті есепке алудың бірыңғай ақпараттық автоматтандырылған жүйесі.
Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру
Жекешелендіру – бұл қолданыстағы заңнамада көзделген арнайы рәсімдер аясында мемлекеттік мүлікті жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сату. Ерекше жағдай – мемлекеттік мүліктің мемлекеттік исламдық арнайы қаржы компаниясына сатылуы.
Аукцион
Жекешелендіру рәсімдері аясында сауда-саттық жарияланды.
* Сауда түрі: бағаны көтеру аукционы
* Өткізу күні мен уақыты: биылғы жылдың 8 шілдесі, сағат 10:00
* Саудаға қойылған лоттар: 2 автокөлік құралы
Барлық мүдделі тұлғаларды аукциондарға қатысуға шақырамыз. Қатысу шарттары, сату объектілері және өтінім беру туралы толық ақпаратты келесі сілтемелер арқылы біле аласыз:
https://sauda.e-qazyna.kz/ru/list/298817624599000000
https://sauda.e-qazyna.kz/ru/list/298817583379000000