"Қауіпсіз доңғалақ" қозғалысының жас инспекторларының жарысы

"Қауіпсіз доңғалақ" қозғалысының жас инспекторларының жарысы

2025 жылғы 16 мамырда №2 Новоишим орта мектебінің базасында "Қауіпсіз доңғалақ" қозғалысының жас инспекторларының аудандық жарысы өтті.
ЖИҚ слетінің мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу жөніндегі жұмысты жетілдіру және мүдделі ведомстволардың назарын аудару.
Жарысқа 4 мектептің командалары қатысты: № 1Новоишим ОМ, № 2 Новоишим ОМ, Новоишим қазақ ОМ, Пески ОМ.
Жарыс бағдарламасы 7 конкурстан тұрды: жол ережесін білушілер, велосипедті мәнерлеп жүргізу, автоқалашықта жүргізу, жас реттеуші, жас санитар, үгіт-насихат бригадалары байқауы, эрудиттер турнирі.
Жарыс қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
1 орын- №1 Новоишим ОМ
2 орын-№2 Новоишим ОМ
3 орын-Новоишим қазақ ОМ
Байқау қорытындысы бойынша Новоишим қазақ ОМ командасының қатысушысы Шарбекова Аяулым өзін Үздік санитар ретінде көрсетті, эрудиттер турнирінде № 2 Новоишим ОМ командасының қатысушысы Стулга Арина ең көп ұпай жинады, "Велосипедті мәнерлеп жүргізу" байқауында ең көп ұпай санын №2 Новоишим ОМ оқушысы Сыздықов Амир жинады, үздік жас реттеуші болып Алибаев Али № 1 Новоишим ОМ оқушысы анықталды. Новоишим қазақ ОМ оқушысы Еркеш Кәусар "Автоқалашықта велосипед жүргізу" номинациясы бойынша 1 орын.
Іс-шара соңында командаларға мадақтамалар мен медальдар табыс етілді.