2025 жылғы 2 мамыр күні «Жастар» стадионы мен «Новоишим №1 орта мектебі» КММ базасында әскери-спорттық көпсайыс «Батыр» өтті.
Шараға мектеп оқушыларыңың 13-16 жас аралығындағы оқушылар қатысты, жастар белсенді қатысып, өздерінің физикалық дайындығы мен рухани төзімділігін, әскери-қолданбалы дағдыларын сынауға мүмкіндік алды.
Әскери-спорттық көпсайыс — бұл қатысушылардың, әсіресе өскелең ұрпақтың, дене шынықтыру, психологиялық тұрақтылық және әскери машықтарын дамытуға бағытталған кешенді жарыс. Мұндай сайыстар еліміздегі мектептерде, колледждерде, кадет корпусында және әскери-патриоттық клубтарда табысты жүзеге асып келеді.
Шараның басты мақсаты — жастар арасында патриоттық рухты қалыптастыру, жауапкершілік пен ұйымшылдықты арттыру.