Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы
«Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» КММ
«Үздік педагог» атағын беру жөніндегі аудандық кезеңнің өткізілетіні туралы хабарлайды.
«Үздік педагог» атағын беру конкурсына білім беру ұйымдарының штаттық педагогтері, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсырған сәтте кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық еңбек өтілі бар педагогтер қатыса алады.
Конкурс үш кезеңде өткізіледі:
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар (материалдар) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ақпараттық жүйесіне 2026 жылғы 20 шілдеге дейін жүктеледі.
Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін үміткер Министрліктің ақпараттық жүйесі арқылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығымен бекітілген «Үздік педагог» атағын беру қағидаларына сәйкес өтінім береді және оған келесі құжаттарды электрондық форматта қоса тіркейді:
Конкурсқа қатысуға арналған өтінім нысаны – 1-қосымша.
Анықтама телефоны:
8 (71535) 22-3-33.