
2026 жылы 3 маусымда «Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Мағжан оқулары» облыстық әдеби-шығармашылық байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты – ұлт руханиятының көрнекті өкілі, ақын әрі ағартушы Мағжан Жұмабаевтың шығармашылық мұрасын насихаттау, педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру және шығармашылық әлеуетін дамыту.
Байқау барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, шығармашылық ізденістері мен кәсіби құзыреттіліктерін көрсетті. Қазылар алқасы жұмыстардың мазмұнына, жаңашылдығына, шығармашылық ерекшелігіне және ұсынылу сапасына ерекше назар аударды.
Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша үздік деп танылған қатысушылар облыстық кезеңге жолдама алып, аудан намысын қорғайтын болады.
Осындай тағылымды шаралар ұстаздардың кәсіби дамуына қолдау көрсетіп қана қоймай, Мағжан Жұмабаевтың бай әдеби-педагогикалық мұрасын жас ұрпаққа кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.