
Негізгі мерекелік шара Новоишимское ауылындағы «Жастар» стадионында ұйымдастырылып, балалар мен олардың ата-аналары үшін мазмұнды әрі қызықты бағдарлама әзірленді. Жас қатысушылар спорттық және зияткерлік ойындарға, викториналарға, квесттерге, түрлі сайыстар мен ұлттық ойындарға белсене қатысты. Шығармашылық шеберлік сағаттары, ойын алаңдары, аквагрим, балалар сұлулық салоны, фотозона, жедел фото қызметі, балалар автокөліктері және «TikTok-трендтер» алаңы ерекше қызығушылық тудырды.
Мерекенің жарқын көріністерінің бірі жас дарындарға өз өнерлерін көрсетуге мүмкіндік берген «Әнші балапан» байқауы болды. Сонымен қатар, ата-аналар мектебінің жұмысы ұйымдастырылды.
Балаларға тегін балмұздақ, тәтті мақта, шырындар, сыйлықтар мен жағымды тосынсыйлар таратылды. Мерекелік көңіл-күй балаларға жарқын эмоциялар, қуаныш пен ұмытылмас әсер сыйлады.
Мерекелік іс-шараны ұйымдастыру мен өткізуге Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі, демеушілер және әлеуметтік серіктестер қомақты үлес қосты. Аудандық білім бөлімі балаларға арналған жарқын әрі есте қаларлық мереке ұйымдастыруға көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін шынайы алғысын білдіреді. Ерекше ризашылық сөздері «АЗКО» ЖШС атынан Владислав Николаевич Азрапкинге, «MAN-СК» ЖШС атынан Татьяна Сергеевна Мацедонға, «Караван» дүкенінің иесі ЖК В.Х. Комиловқа, «МИР ОКОН» ЖК атынан Сергей Юрьевич Тимарцевке, сондай-ақ мерекені өткізуге қолдау көрсеткен барлық ұйымдар мен аудан тұрғындарына арналады.
Аудандық мәдениет үйінде балалар үшін сағат 11:00-де және 16:00-де мультфильмдердің тегін көрсетілімдері ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шаралар ауданның барлық білім беру ұйымдарында өткізілді. Тәрбиеленушілер мен оқушылар үшін концерттік бағдарламалар, спорттық жарыстар, шығармашылық байқаулар, ойын және көңіл көтеру алаңдары ұйымдастырылды.
Мерекелік іс-шараларға қатысушылардың жалпы саны 4 мыңнан астам баланы құрады.
Бұл мереке ауданның жас тұрғындары үшін ерекше оқиғаға айналып, балаларға қуаныш, көтеріңкі көңіл-күй және ұмытылмас әсер сыйлады.