
2026 жылғы 28 сәуірде 7–10 сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру іс-шарасы — цифрлық музей мен креативті орталыққа экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шараға Новоишим қазақ орта мектебі, №1Новоишим орта мектебі және №2 Новоишим орта мектебінен 20 оқушы қатысты. Экскурсия аудан прокуратурасымен бірлесіп өткізілді.
Экскурсияның мақсаты — оқушыларды заманауи технологиялар әлемімен таныстыру, IT саласына қызығушылықтарын ояту және болашақ мамандықтар туралы түсінік қалыптастыру.
Экскурсия барысында оқушылар орталықтың қызметімен, заманауи цифрлық экспозициялармен және инновациялық жобалармен танысты. Қатысушылар жабдықтардың көрсетілімін қызығушылықпен тамашалап, практикалық көрсетілімдерге белсене қатысты.
Іс-шара оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, танымдық қызығушылықтарын дамытуға және заманауи технологияларды оқуға деген ынтасын арттыруға, сондай-ақ болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға ықпал етті.