
2026 жылғы 21 сәуірде мониторингтік топ Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім беру ұйымдарына инклюзивті білім беру үшін жасалған жағдайларды бағалау мақсатында іссапармен барды.
🏫 Мониторинг барысында келесі білім беру ұйымдары қамтылды: Будённый орта мектебі, Привольный орта мектебі.
🔍 Іссапар аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуге арналған жағдайларға кешенді бағалау жүргізілді. Атап айтқанда, инфрақұрылымның қолжетімділігі, қажетті құрал-жабдықтардың болуы, сондай-ақ білім беру процесінің ұйымдастырылуы қарастырылды.
📌 Мониторинг қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою және инклюзивті білім беруді іске асыру жағдайларын одан әрі жетілдіру мақсатында тиісті ұсынымдар берілді.