
2026 жылғы 20 сәуірде «№1 Новоишим орта мектебі» КММ-де және аудандық «Жастар» стадионында «Жас сарбаз» қоғамдық қозғалысының әскери-патриоттық клубтары арасында облыстық кезеңге іріктеу мақсатында «Батыр-2026» әскери-патриоттық көпсайыс бойынша мамандандырылған аудандық спартакиада өткізілді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында әскери-патриоттық тәрбиені нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және қатысушылардың әскери-қолданбалы дағдыларын жетілдіру болып табылады.
Жарыс бағдарламасына келесі спорт түрлері енгізілді:
– пневматикалық винтовкадан ату;
– ММГ АК-74 толық емес бөлшектеу және жинақтау;
– автомат оқжатарын уақытқа жабдықтау;
– тартылу (ұлдар);
– 1 минутта денені көтеру (қыздар);
– ОЗК кию;
– ГП-5 противогазын кию;
– челночный жүгіру (10×10 м).
Жарыстар белгіленген ережелерге сәйкес, жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізілді. Қатысушылар өздерінің дене дайындығын, әскери-қолданбалы дағдыларын және командалық бірлігін көрсете білді.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар мен қатысушылар облыстық кезеңге жолдама алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тиісті дәрежедегі дипломдармен және марапаттармен наградталды.
Аталған іс-шара жасөспірімдердің отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыруға және олардың әскери қызметке деген қызығушылығын арттыруға үлкен үлес қосты.