
2026 жылдың 20 сәуірінде республикалық "Абай оқулары" байқауының аудандық кезеңі №2 Новоишим орта мектебінің базасында өтті. Аталған білім сайысына аудан мектептерінен барлығы 20 оқушы қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың Абай Құнанбайұлы шығармашылығына деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайту.
Қатысушылар ұлы ақынның өлеңдерін жатқа оқып, қара сөздерінен үзінділер келтіріп, әндерін шырқап, көркем сөз оқу шеберліктерін көрсетті. Әділқазылар алқасы әр қатысушының сахна мәдениетін, оқу мәнерін және шығарманы түсіну деңгейін бағалады.
Байқау қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен оқушылар жүлделі орындарға ие болып, облыстық кезеңге жолдама алды.
Осындай тағылымы мол іс-шаралар жас ұрпақтың рухани дамуына серпін беріп, ұлттық әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыра түсетіні сөзсіз.