
17 сәуір күні «Новоишим орта мектебі №1» КММ базасында «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы аясында облыстық семинар өтті. Іс-шараға 100-ден астам педагогтер, білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.
Семинарды Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімінің басшысы Қарабаева Эльмира Мирзахметовна ашып, ауыл мектептерін дамыту мен тиімді желілік өзара әрекеттестіктің маңыздылығын атап өтті. Пленарлық бөлімде әдістемелік орталық директорының орынбасары Косумбаева А.Ж. сөз сөйлеп, педагогтерге әдістемелік қолдау көрсетудің өзекті бағыттарын ұсынды.
Семинар тақырыбы — «Табысты кеңейту: білім берудегі желілік өзара әрекеттестік» — мектептер арасындағы тиімді ынтымақтастықты дамытуға, тәжірибе алмасуға және табысты білім беру тәжірибелерін енгізуге бағытталды.
Семинар барысында қатысушылар «тірек мектеп – магниттік мектептер» байланысын басқарудың нәтижелі құралдарын талқылап, желілік бағдарламалар мен бірлескен бастамаларды іске асыру бойынша тәжірибелік кейстерді ұсынды. Апробациядан өткен тиімді педагогикалық тәжірибелерге ерекше назар аударылды, олар ауыл мектептеріндегі білім сапасын арттыруға бағытталған.
Семинар бағдарламасына ашық сабақтар, шеберлік сыныптары, диалог алаңдары және кәсіби тәжірибе алмасу кірді. Қатысушылар іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және оның практикалық маңыздылығын атап өтті.