
2026 жылғы 6 сәуірде бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған математика пәні бойынша «математикалық регата» олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.
Зияткерлік сайыс барысында қатысушыларға әртүрлі деңгейдегі олимпиадалық тапсырмалар ұсынылды. Оларға логика, математикалық ойлау, стандартты емес есептер және кешенді тәсілді, сондай-ақ шығармашылық шешімді талап ететін басқа да бағыттар енгізілді.
Аудандық кезеңге бастауыш сыныптың 48 мұғалімі қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша ең жоғары нәтижеге қол жеткізген 4 педагог Ғабит Мүсірепов ауданының командасы құрамында облыстық кезеңде аудан намысын қорғайды.
«Математикалық регата» байқауын өткізу педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға және олардың логикалық-математикалық құзыреттілігін дамытуға бағытталған.