
«Балабақша мен мектеп – ынтымақтастық стратегиялары» атты облыстық педагогикалық жәрмеңкенің аудандық кезеңінің қорытындысы шығарылды. Іс-шара мектепке дейінгі және мектептік білім беру арасындағы сабақтастықты дамыту және тиімді ынтымақтастықты нығайту мақсатында өткізілді.
Шара барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, заманауи педагогикалық тәсілдерді енгізу жолдарын талқылады, сондай-ақ білім беру ұйымдары арасындағы өзара байланысты күшейтуге бағытталған жұмыстарын ұсынды. Сонымен қатар, балабақшадан мектепке өту кезінде балалардың бейімделуін қамтамасыз ететін және білім беру үдерісінің үздіксіздігін сақтауға ықпал ететін тәжірибелер көрсетілді.
Байқау қорытындысы бойынша:
🥇 I орын – Рузаев орта мектебінің педагогтері;
🥈 II орын – Ставрополка орта мектебінің педагогтері.
Жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз, шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!