
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің өкілдері аудан мектептерінің түлектерімен кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында кездесу өткізді.
Іс-шара барысында оқушыларға университеттің білім беру бағдарламалары, қабылдау шарттары, оқу үдерісінің ерекшеліктері, сондай-ақ еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат берілді. Түлектер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жоғары оқу орны өкілдерінен толыққанды жауап алды.