«Алтын түлек» математикалық олимпиадасының республикалық кезеңі өтті

«Алтын түлек» математикалық олимпиадасының республикалық кезеңі өтті

2026 жылғы 3 сәуірде 10–11 сынып оқушылары арасында «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының республикалық кезеңі өтті. Аталған олимпиадаға ауданымыздан барлығы 5 оқушы қатысып, өз білім беру ұйымдарының абыройын лайықты деңгейде қорғады. Олимпиада қорытындысы бойынша Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Жүзбай Азат жүлделі III орынды иеленді.
Бұл жетістік – жүйелі дайындықтың, жоғары білім деңгейінің және педагогтердің кәсіби еңбегінің нәтижесі.
Жүлдегерді және оның жетекшілерін жақсы нәтижемен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік белестер мен жаңа жетістіктер тілейміз!